ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 15 СОҒЫС АРДАГЕРГЕ 1,5 МЛН ТЕҢГЕ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК БЕРІЛДІ

175 көрілім

Биыл Түркістан облысында Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында 4 438 азамат жалпы сомасы 175,5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек алды. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысымыздағы 15 ҰОС ардагері мен қатысушысына 1,5 млн теңгеден төленді.

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, соңғы деректерге сәйкес, өңірде Екінші дүниежүзілік соғысының 14 ардагері тұрады. Атап айтсақ, Қазығұрт ауданында – 3, Жетісай ауданында – 1, Ордабасы ауданында – 1, Сайрам ауданында – 2, Сарыағаш ауданында – 1, Созақ ауданында – 1, Сауран ауданында – 1, Төлеби ауданында – 1, Кентау қаласында – 1, Түркістан қаласында – 2 майдангер бар.

Таяуда, яғни 01.05.2023 жылы Сауран ауданында тұратын 101 жастағы қарт майдангер Ғани Сарамсаков дүниеден озды. Жалпы, өңірдегі майдангерлердің барлығына 30 сәуірге дейін біржолғы материалдық көмек берілді.

Сондай-ақ Жеңіс күніне орай өңірдегі 4 423 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне 30 мың теңгеден, 2 блокадалық Ленинградтың тұрғынына 60 мың теңгеден және 1 кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ, ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттағыларға 100 мың теңгеден табысталды.

Еске сала кетсек, облыстан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды.

Қазіргі таңда Түркістан облысында тұратын 14 соғыс ардагерінің арасында жасы ең үлкені – төлебилік Рсмет Джұмағұлов, ол биыл 102 жасқа толды. Майдангерлердің ең кішісі – 96 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны Әбжаппар Дайрабайұлы.

Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, елімізде қазір 230-дан аса ардагер бар.

Облыс бойынша соғысқа қатысты 324 ескерткіш, 79 мемориал, монументтік кешен бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы