ЖАРҚЫРАЙ БЕР, ЖЫР-ДӘУРЕН!

226 көрілім

Әріптесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жас ақын Дәурен Тілеухан әдеби сапармен еліміздің үш өңірінде өткен шығармашылық байқауларда жүлдегер атанып, айтулы жиындардың төрінен орын алып қайтты.

Атап айтсақ, Алаштың анасы – Қызылорда қаласындағы «Жыр арқауы – Жүргенов» атты республикалық жазба ақындардың мүшәйрасында жүлделі ІІІ-орын иегері атанды. Одан әрі қара өлеңнің қағбасына айналған Қарағандыда Әзірбайжан және Түркия мемлекеттерінен келген қаламгерлер мен қоса елімізге белгілі ақын-жазушылар да өнер көрсеткен «Қарағанды көктемі» халықаралық поэзия фестивалінің құрметті қонағы атанып, жас қаламгерлерге арналған әдеби жиындарға қатысты.

Онымен қоса Дәурен Сарыарқаның сайын даласына сән берген Астана қаласындағы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Маржан жырдың Мағжаны» атты республикалық жазба ақындар байқауында топ жарып, жүлделі І-орынды қанжығалап қайтты.

Әріптесімізді бас-аяғы он күн шамасында жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Дәуренге қаламың қарымды, өлеңің өміршең болсын деген тілегімізді арнаймыз!

«Түркістан Медиа» ЖШС ұжымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы