ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ АУДАННЫҢ АЛҒА ЖЫЛЖУЫНЫҢ КЕПІЛДІГІ

370 көрілім

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2022 жылы 25 миллиард 985,7 миллион теңгені құрады. Ал, 2023 жылдың І-тоқсанында 6 миллиард 428,9 миллион теңге инвестиция тартылған.

Негізінен, ағымдағы жылы жалпы құны 13 миллиард 129,0 миллион теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жергілікті бюджетке қосымша 106,4 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек:

– «Балмұздақ» ЖШС-ның – Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы. Инвестициялық құны 2 миллиард 562 миллион теңге, 100 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 36,8 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

– «Ныш Ер» ЖШС-ның – Демалыс аймағы және қонақ үй салу жобасы. Инвестициялық құны 2 миллиард 200 миллион теңге, 40 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 21,3 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

– «Яссы Agro.kz» ЖШС-ның – Шаға ауылдық округінен жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасы. Инвестициялық құны 578 миллион теңге, 30 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 3,7 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

– «Иманқұл ата» Ш/Қ-ның – Балық шаруашылығын дамыту жобасы. Инвестициялық құны 600 миллион теңге, 12 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 1,8 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

– «Sauran Plast» ЖК-ның – Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы. Инвестициялық құны 675 миллион теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;

– «AgroFoodTrade» ЖШС-ның – Мақта майын өндіру цехы жобасы. Инвестициялық құны 500 миллион теңге, 10 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 миллион теңге салықтар түседі деп жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы