ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

3  996 көрілім

Сіздерді Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Жыл өткен сайын Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз! Уақыт өткен сайын сол кезең бізден қашықтағанымен, ел тағдырында  қалдырған ізі  көңілден кетіп, жүректен өшпек емес. Жеңіс күні ел санасында халықтың ерлігі мен даңқының мызғымас символы болып  келеді. Жеңіс күнін жақындатуда майданда жанқиярлықпен соғысқан, тылда күндіз-түні еңбек еткен аға буын ерлігі ешқашан ұмытылмайды! Осы ерліктері үшін бүгінде қатары сиреп қалған соғыс және еңбек ардагерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіз еліміз өркендеп өсе берсін! Қазақстанның көк аспанында бейбітшіліктің, еркіндіктің, азаттықтың Туы әрқашан желбірей берсін!

Ерлік даңқы өшпесін! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Жарқынбек ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,

Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы