ОТАН СОҒЫСЫ ТАРИХ БЕТІНДЕ ҚАШАУЛЫ

3  849 көрілім

Биыл Ұлы жеңіске 78 жыл толып отыр. Арадан қаншама жыл  өте шыққанымен сұрапыл соғыс жүректерде өшпес із қалдырып, тасқа қашағанмен пара-пар. Сонау отты жылдар талай ұлы отаншылардың жастығын жалмағаны хақ. Әйтсе де сұм соғыс, жыл өткен сайын тарихтың тұңғиығына сүңгуде. Елдің амандығы үшін соғысқан майдангерлер қатары күн санап азаюда. Ел азаматтарының қаһармандығы мен қайсарлығы сыналған қан майданда ерлік пен бірге еңбек те қатар жүрді. Майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекетінің нәтижесі бізге  ұлы Жеңісті әкелді. Сұм соғыс – қаншама  жетім мен жесірдің көз жасына малынған ауыр тақырып. Алайда өскелең ұрпақ мынаны қапелінде ұстатсын – бұл ұлы жеңіске елі үшін жанын берген патриоттарымыздың арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі ұрпақ, елім деп тіпті өлшеулі өмірін қиған ардагерлеріміздің ерлігін қайталай алады дегенге сену қиын-ақ. Соғыс ешкімді аямайтыны белгілі  жауынгерлердің көбі майданнан  мүгедек болып жаралы күйде оралған. Тіпті ізім-ғайым жоғалғандар саны көп. 9 – мамыр Ұлы жеңіс күні, бұл еліміз үшін айтулы мереке. Бұл мереке Ұлы жеңіс аталғанымен, майданда қыршынынан қиылған қаншама боздақтардың қаралы айы саналады. Тарихи мәліметтер отан соғысына  қазақ халқынан 1,2 млн – нан аса жауынгер аттанғанын дәлелдейді. Майданда 600- мыңнан көп қазақстандық жанқиярлықпен қаза тапқан. Солардың бірі менің атам, Абай ауылының тумасы Жанатай Серікбаев еді. Қантөгісті көзімен көріп, тәнімен сезінген патриоттардың бірі Жанатай Серікбаев соғыстан аяғы жаралы күйде оралып, 103 жасқа таяп дүниеден озды. Ескі жараны қанша таңсаңда естеліктер жараның бетін тырнап, жүрек тыныштығын алатыны тағы бар. Атам қантөгістен елге оралғанда бейбіт өмірге үйрене алмай біраз қиналған-ды.

Құрметті отандастар Жеңіс күні құтты болғай. Отан үшін от кешкен ардагерлерге құрметіміз қашан да ерек. Бейбітшіліктің символына айналған Ұлы жеңіс мерекесі ұзағынан сүйіндірсін!

Сырлыхан БАЙМЕНОВ,

Ауған соғысының ардагері. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы