КӨНЕ ШАҺАРДЫҢ ЖАСЫЛ ҚАЛАҒА АЙНАЛУЫНА БІР ҚАДАМ

1  444 көрілім

  Халқымыз үшін тал егу – қайырымды істердің бірі. Ал, қайырымды игі іс – қастерлі ұғым, әрдайым бірлікке және адалдыққа үндейтін бастаманың нышаны. Ілкімді істерді өмірлік серік еткен Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері қасиетті жұма күні киелі өңір – Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында жасыл желек аумағына тал егу жұмыстарын жүргізді.

  Бұл шара таңсәріден жүзеге асып, бекітілген аумаққа аталмыш ұжым білек сыбана кірісіп 170 түп терек көшеттерін отырғызды.  «Құдықтан су ішкен, оны қазғанға рақмет айтады, Ағашты көлеңкелеген, оны еккенге рақмет айтады» деген қағидасын ұстанған басшылық құрам да азаматтық танытып, тал егу жұмыстарына жұмыла атсалысты. Айта кетейік, қоршаған ортаның жақсаруына сеп болатын мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы