АҚЫЛЫ МЕКТЕПТЕ ТЕГІН СЕМИНАР ӨТТІ

1  596 көрілім

“Керемет” бастауыш мектеп- балабақшасында “Оқу үдерісінде кері байланыс жүргізудің маңыздылығы және түрлері” тақырыбында қалалық семинар өтті.
Оқушы мен ұстаз арасын жақындата түскен ашық сабаққа қала мектептерінің мұғалімдері арнайы қатысты. Алдымен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 және қазақтың үш бәйтерегінің 125 жылдық мерейтойларына орай қойылған кітап көрмесі тамашаланды.


“Жиі күйзеліске ұшырайтын ұстаздар еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі шараны әріптестеріме жайдарлы жүзбен бастауға жол сілтегім келеді” – деген кешеннің психологі Назым Берік ұйымдастырған “Көңіл күй әлемінде” атты тренинг ұстаздар көңілінен шықты.


Оқушылар ағылшын тіліндегі “Қызыл телпек” қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гулчехра Ниязова коучинг өткізіп, тәлімгерлер өзара тәжірибе алмасты.


Білім бөлімінің әдіскерлері Динара Есенғараева мен Мархила Абдужаппарова жиынды қорытындылап, жоғары деңгейде өткізілгендігін жеткізді. Мектеп директоры Райхан Қуатбекованың айтуынша, білім ұясы негізінен 3 жыл бұрын ашылған. Бастауыш сыныптағы оқушылар саны 380-ге жуық, ал, балабақшада 270-тен астам бүлдіршін тәрбиеленуде.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы