КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

421 көрілім

Ер түріктің бесігі саналған Түркістан төріндегі «Ұлы Дала елі» орталығында, қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Түркістан абыздары» атты зиялы қауым өкілдерімен мерекелік кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты зиялы ел ағаларын бір арнаға тоғыстыра отырып, келелі кеңес пен тұжырымды ойларын тыңдау. Айтулы шарада «Семей полигоны ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құралтай Салықбаев, тыл ардагері, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өтепберген Қуанышбаев, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры Қыдырәлі Рысбеков, Бітімгер медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Бақытжан Бейсембаев, ҚР Мәдениет қайраткері, өнертану доценті, әнші, композитор Сауранбек Елеуов, облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі, ардагер құрылысшы Оралбай Әлтеев сынды зиялы қауым өкілдері жас буынға өмірден түйген ойлары мен ақыл-кеңестерін жеткізді.

Мерекелік кеште қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары «Үш би» атты сахналық көрініс қойып, «Перзент парызы», «Көк айдай», «Түркістан» әндерін шырқап, сахнаны әрлей түсті. Сондай-ақ, көрерменге ақын Тұрар Тілеулиев «Арнау» өлеңін орындады. Киелі шаһар төрінде өткен кездесуде ел қадірлеген ардақты ағаларымыз өмір жайлы ашық әңгіменің төркінін атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби данамыздың өсиет етіп қалдырған «Тәрбиесіз берілген білім ол – адамзаттың қас жауы» сөзімен тоғыстырды.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы