КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ

732 көрілім

Түркістан қаласындағы «Алатау медиа орталығында» Кентау қаласының әкімі Тасов Жандос Қалмұрзаұылының 2022 жылдың қорытындысы және 2023 жылға атқарылатын жұмыстары талқыланды. Бүгінгі таңда жалпы халық саны 99 308 адамды құрайтын қала құрамына 4 ауыл да кіреді. Жұмысқа жарамды 37,4 мың адамның 35,4 мыңы тұрақты қызметке орналасқан.

Жандос Қалмұрзаұлы бүгінгі есебінде мәлім еткендей өткен жылы 28,2 млрд. теңге бюджетке енгізу жоспарланып, ол мақсат артығымен орындалған. Дәлірек айтар болсақ, 100,3 % көрсеткішке жеткен.

Қаланың өнеркәсіп саласы мен ауыл шаруашылық саласында да алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Негізінен Кентауда 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорын жұмыс жасауда. 2022 жылы аталған өндірістік орындар 41,3 млрд. теңгенің өнімін өндірген.

Өткен жылғы атқарылған жұмыстарды ғана айтып қоймай, қала әкімі биылғы жоспарларымен де бөлісті. Жандос Тасовтың сөзінше инвестициялық жобалар аясында 2 кәсіпорынның құрылыс жұмыстарын бастау көзделіп отырған көрінеді. Бұл қос жобаның ортақ құны 35,6 млрд. теңгені құрап, 943 адамды жұмыспен қамтуға ниетті. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында да жасалынып жатқан жұмыстар жетерлік. Бұл аумақта да 2 кәсіпорын жұмысын бастап, 80 адам тұрақты қызметке кіріскен. Биылғы жылдың соңына дейін тағы бір жоба іске асырылып, 400 адамға жұмыс орынын ұсынбақшы.

Қала тұрғындарының жайлылығы үшін коммуналдық саланың маңыздылығы ерекше. Сол себепті қала әкімінің есебінде бұл бағытқа ерекше назар аударылды. Ашып айтар болсақ, Кентау қаласы маңындағы елді мекендер 100 % ауызсумен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы кәріз жүйелерін реттеу үшін облыстық бюджеттен 100 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыруға техникалық экономикалық негіздемесі әзірленген. Жоба толықтай жүзеге асса Кентаулықтар бұл саланың да толықтай шешілгеніне куә болатынын жеткізді Жандос Қалмұрзаұлы. Ал, табиғи газға қосылу мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті тақырып. Көгілдір отынға қол жеткізгендер өткен жылы 14% болса, биыл бұл көрскеткішті 52 %-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы