«ТҮРКІСТАНДЫҚ» РАЙЫМЖАН «ЖАНУБИЙДІҢ» ТІЗГІНІН ҰСТАДЫ

633 көрілім

Отыз жылға жуық рухани шаһардағы қарашаңырақ басылым «Түркістан», «Туркистон» газеттерінде еңбек еткен әріптесіміз, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Райымжан Артықбайұлы «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы болып тағайындалды.

Тарихи басылымда ширек ғасырдан аса еңбек етіп, ұжымға көркем мінезімен сыйлы болған Ракең «Туркистон» газетінің редакторлығымен қатар «Түркістан» газетінде де еселі еңбек етті. Қазақ, өзбек тілдерінде мүдірмей жазып, дайындаған мақалалары мен түрлі сұхбаттары оқырманның жоғары бағасын алатын. Газет беттейтін дизайнерлік өнері өз алдына бір төбе.

Еңбек жолын 1994 жылы қалалық «Түркістан», «Туркистон» газеттерінің өзбек бөлімінің тілші-корректоры болып бастаған Райымжан Артықбайұлы 2022 жылдан бері «Туркистон» газетінің редакторы және «Түркістан Медиа» ЖШС редакция меңгерушісі қызметін атқарып келді.

«Түркістанда» тәжірибесін шыңдаған Райымжан Алибаев «Жанубий Қозоғистон» газетінің де абыройын аспандатуға әлеуеті жететін тәжірибелі маман екеніне сеніміміз мол. Өз мамандығын сүйетін жанның еңбегі бағаланып лайықты орынға тағайындалғанына, абырой биігінен көрінгеніне қуаныштымыз. Әріптесіміздің алдағы атқарар жұмыстарына табыс пен сәттілік тілейміз.

«Түркістан Медиа» ЖШС ұжымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы