ЖЕТІСАЙДА БИЫЛ БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫ

402 көрілім

Қазақ даласындағы ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін азаматтардың хал актілерін тіркеу ісімен толық болмаса да жанамалы түрде айналысып келген мешіттерді алмастырған тіркеу органдары 1921 жылы ҚазКСР кеңес халықтары комитетінің шешімімен азаматтардың хал актілерін тіркеу органы болып құрылады.

Тарихы тереңнен бастау алатын осы бір мекеменің жұмысы да замана талабына сай жаңартылып, жүйлендіріліп, толықтырылып келеді. Бүгінде азаматтар өзіне қажетті мәліметтерді қаптаған қағаздың ішінен емес, компьютердің батырмасымен дұрыс жұмыс істеу арқылы ала алады. Уақыты мен қаржысын үнемдейді.

“Біздің сала қызметкерлеріне артылар жауапкершіліктің жүгі ауыр. Әрбір маман өздеріне бекітіліп берген функционалдық міндеттен артық істі атқара алмайды. Өйткені, әрбіріне жеке логин мен құпия сөз (пароль) беріледі.

Оның үстіне, біздегі мәліметтердің басым бөлігі жұртқа жария етуге болмайтын құпия мәселелер” Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты АХАТ секторының бас маманы Айнұр Бекманова.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ секторы мамандарының мәліметінше өткен жылы ауданда тіркелген 7969 азаматтық хал актілердің 5885-і бала тууды, 844-і қайтыс болуды, 1178-і неке қиюды және 62-сі неке бұзуды тіркеу болған.

Ал, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 292 неке қию актілері тіркеліп, 1349 сәбиге туу туралы куәлік берілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы