САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІН ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

444 көрілім

Аудан әкімі Арман Айдарұлы Сарыағаш медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу ғимараттарының білім беру стандарттарына сәйкес келуімен және соңғы үлгідегі әрбір аудиторияларға кіріп, студенттердің қаншалықты білім алып жатқанын өз көзімен көрді. Сондай-ақ оқу ордасының басшылық ғимаратымен де танысқан аудан әкімі оқу бөлімімен бірге арнайы білім беру пәндер кафедрасының қызметімен де танысып, өз ақыл кеңесін берді.

Медресе – діни руханияттың қайнары, еңбексүйгіштік, мейірімділік, патриотизм сияқты адамгершілікке үндейтін құндылықтарға бағытталған. Діни қызметкерлер жастарға осы құндылықтардың мағынасын, конфессияаралық диалог негіздерін түсінуге баулиды. Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз ету арқылы ғана біз халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндігіне қол жеткізе аламыз,-деді аудан әкімі.

Аталмыш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов аудан әкіміне алдағы уақытта медресенің білім сапасы, оқу бағдарламасына қатысты атқарылар іс-шаралар мен игі қадамдар жайында ой бөлісті.

Сонымен қатар, аудан әкімі «Сатыбалды Әбішұлы» атындағы Ислам орталығына барып, құлшылық ордасының жұмысымен танысты. Аудан әкімі мешіт аумағын аралап, көркейту бағытында жасалған жұмыстарды көзден кешіріп, игі іске сәттілік тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы