- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Өз кезегінде тұрғындар сұранысы негізінде биыл Келес ауданында 3 спорт алаңының құрылысы басталды. Олар Алпамыс ауылдық округінің Ақжол елді мекенінде, Біртілек ауылдық округінің Еңбекші елді мекенінде және Қошқарата ауылдық округінің Алғабас ауылында салынуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Келес ауданының әкімі жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдаған болатын. Тұрғындар өз сұранысында балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін спорт алаңшаларын салуды айтқан болатын. Көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жоспары бекітіліп, іске асуы бақылауға қойылған.

– Аудан әкімі халықпен кездесіп, атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөліскен болатын. Кездесу соңынан тұрғындарды жеке қабылдаған аудан басшысының қабылдауына кіріп, спорт алаңын салуды сұрадым. Дегенмен құрылысты тек орталыққа емес ауылдық жерлерге салуға мән беруін өтінген болатынмын. Сұранысым жауапсыз қалмай жергілікті қоғамдасты мүшелерінің қолдауымен спорт алаңшасы Алғабас ауылынан салынуда, – ауыл биі Нұрбек Тәжиев.
Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортқа баулу мақсатында аудан орталығы Абай ауылынан биыл заманауи спорт кешен салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда сыйымдылығы 300 орындық комплекстің құрылысын жүргізетін мердігер мекемені анықтау процедуралары жүргізілуде.