ОЙЫНШЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАҢДАҒАН ЖӨН?

567 көрілім

Қауіпсіз ойыншықтарды қалай дұрыс таңдауға болады? Бүгін ойыншық сатып алғанда неге назар аудару қажеттігі жайлы айтамыз. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында өңделетін барлық ойыншықтар балалар үшін қауіпсіз және талаптарға сай болуы керек. Ойыншық таңдар кезде ең алдымен жапсырмаға назар аударыңыз. Онда мынадай ақпараттар болуы тиіс:

1) өнімнің атауы;

2)Қазақстан Республикасының нарығында өнімді орналастыратын дайындаушының және (немесе) тұлғаның заңды мекен-жайы көрсетілген толық атауы;

3) ойыншықтың фукционалдық мақсаты немесе оның қолданылу аясы;

4) негізгі тұтынушылық қасиетте-рі және (немесе) сипаттамалары;

5) сәйкестік белгісі;

6) пайдалану жөніндегі нұсқаулық;

7) ойыншықты пайдалану кезінде ықтимал қатерлер және жасына қарай шек қою туралы ескертулер.

Және де анық үш жастан кіші балаларға арналмағандардан басқа, ойыншықтарға берілетін ақпаратта жасына қарай шек қоюды енгізу қажеттілігі түсіндірілуге тиіс. Шаналарға, аспалы әткеншектерге, сақиналарға, трапецияларға, арқандарға және гимнастикалық снарядтарды асып қою үшін рамаға бекітілген осыған ұқсас жарақтарға, бұларды дұрыс құрастырмаған кезде қауіп төндіруі мүмкін элементтерді көрсете отырып, кешенді монтаждау жөніндегі, снарядтардың неғұрлым жауапкершілікті қажет ететін бөліктерін (аспаларын, еденге бекітпелерді, бауларын, ілгектерін) әр кез тексеру және күтіп ұстау жөніндегі нұсқаулықтар бірге берілуге тиіс.

Функционалдық ойыншықтарда немесе олардың орамасында ойыншық кішірейтілген моделі немесе имитациясы болып табылатын аспапты немесе бұйымды пайдаланудың қатеріне ұқсас қатерлерді көрсете отырып, ойыншықты тек ересектердің қарауымен ғана пайдалану мүмкіндігі туралы, сондай-ақ ойыншықты балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау шарттары туралы ақпараты бар ескерту жазбасы болуға тиіс. Химиялық ойыншықтарға оларда бар қауіпті заттар, ықтимал қатерлер мен қажетті сақтық шаралары, ойыншықты балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау шарттары туралы, сондай-ақ ойыншықтарды пайдалану кезінде жарақат алған жағдайда алғашқы жәрдем көрсету жөніндегі шаралар туралы ақпарат бірге берілуге тиіс.

Роликті конькилер мен скейттерге мұндай ойыншықтарды қорғану керек-жарағымен қоса пайдалану қажеттігін көрсететін, сондай-ақ құлау немесе қақтығысу салдарынан болатын жазатайым жағдайларды болғызбау үшін ойыншықтарды пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат қоса беріледі. Суда ойнауға арналған ойыншықтарды таяз су тоғанында ересектердің қарауымен пайдалану туралы ақпаратпен жабдықталуға тиіс. Тұтынушыға арналған ақпарат нақты ойыншыққа бірге берілетін мәтіндік құжат (паспорт, заттаңба, жапсырма, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) түрінде берілуі немесе ойыншыққа тікелей немесе оның орамасына (тұтынушы ыдысына) таңбалау түрінде түсірілуі мүмкін.

Тұтынушыға арналған ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуге тиіс. Егер аббревиатура дайындаушыны немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік берсе, ақпараттың бір бөлігі қысқартылуы мүмкін. Мәлімделген ақпаратқа өнімнің сәйкестігі дайындаушы немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлға үшін міндетті болып табылады.

Ойыншықтың сапасы мен қауіпсіздігіне сонда да күмәнда-натын болсаңыз, сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы сертификатты сұрауға құқығыңыз бар!

С. АХМЕТОВА,

Сауран аудандық СЭББ бас маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы