ТҮРКІСТАН: ЭТНОАУЫЛДА ДӘСТҮРГЕ САЯХАТ

551 көрілім

Бүгін түркі халықтарының астанасы Түркістан қаласында наурыз мерекесіне орай, Туризм дамыту орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Этнофестиваль өтуде. Ұлыстың ұлы күнінде дүйім жұрттың басын қосқан Этноауыл қала мәдениетін жоғары деңгейде дәріптей түскендей. Әз-наурыз  ұмыт қалған салт-дәстүрлерді ортаға шығаратын ұлттық мереке.

Қазақ халқының жаңа жылы аталған наурыз мерекесі – Түркістанда өз деңгейінде тойлануда. Айталық қала қонақтары мен тұрғындарға арнап, қаз-қатар тігілген киіз үйлер мен ұсынылып жатқан дәмдер мерекелік көңіл күйдің арқауы. Нағыз қазақилықтың көрінісі айқын бейнеленген этноауыл аумағында түрлі ұлттық ойындар мен мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылған.

Жаңа жылды жаңарған Түркістанда қарсы алған қала қонақтарына ұлттық спорттық ойындар, концерттік бағдарламалар сондай-ақ  қолөнер шеберлері мен суретшілер дайындаған көрме ұсынылды. Ұлттық ойындарымыздың бірегейіне айналған қошқар көтеру сайысы түрлі өңірлерден жиналған спортшылар арасында тартысты әрі қызықты өтті. Аталған сайыста 20-шақты спортшы бақ сынасты. Сайыскерлер арасында жеңіске жеткен Саурандық тұрғын Өмірбек Нышанбек, Назарбаев зияткерлік мектебінде қазақ тілі пәнінің тәлімгері. Жеңімпаз қошқарды иығына 135 рет салып көтерді.

Жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар мен сый сияпаттар таратылды. Бас жүлдеге ойынның басты шарты саналған қошқар сыйға тартылды. Сайыс соңы мерекелік қойылыммен жалғасты. Сахнада фольклорлық және вокалдық әндер шырқалды, бишілер түрлі өнер көрсетіп сахнаны дәстүрлі көрініспен көмкерді. Айта кетейік мерекелік іс-шара наурыздың 22 күні де жалғасатын болады.

Нұрсұлу БӨКЕНБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы