Қазақстанда Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жоба пайда болды.
Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:
- 14 наурыз – “Көрісу күні”
- 15 наурыз – “Жайлау күні”
- 16 наурыз – “Шежіре күні”
- 17 наурыз – “Тарихқа тағзым күні”
- 18 наурыз – “Игі істер күні”
- 19 наурыз – “Шымырлық пен шеберлік күні”
- 20 наурыз – “Зияткерлік күні”
- 21 наурыз – “Ұлттық тағамдар күні”
- 22 наурыз – “Ұлыстың ұлы күні”
- 23 наурыз – “Жоралғы күні”
“Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. (…) Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру”, – делінген құжатта.
