- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің банктік операцияларды жүзеге асыруды тоқтату бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы нұсқамасы, яғни монополияға қарсы органмен келісілмеген қарыздар беру заңсыз деп танылды және күші жойылды.
Осылайша, “Түркістан “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ (бұдан әрі – ӘКК) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бұрын жасаған іс-қимылдар заңды деп танылды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі “Қазақ телеграф агенттігі (ҚазТАГ)” электрондық БАҚ беттерінде 2018-2020 жылдар аралығында ӘКК инвесторларға 6 млрд теңгеге жуық қарызды заңсыз бергені туралы мақала жариялаған болатын.
«ӘКК «Түркістан» АҚ