ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «ТАЗА СУ» МКК-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРИФТЕР БЕКІТІЛДІ

465 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес тиісті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін Ордабасы ауданы бойынша “Таза су” МКК-на суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф пен тарифтік сметаны 280,41 теңге/1 м3-тен 177,15 теңгеге дейін немесе субъект тарифінің жобалық деңгейінен 36,83% төмендете отырып  бекіту туралы шешім қабылдады.

Тариф жобасын “Таза су” МКК-ы 280,41теңге/м3 мөлшерінде ұсынды.

Осылайша, тұтынушылар топтары бойынша монополистің тарифтері төмендегідей қабылданды:

• Халық – 158,75 теңге/м3;

• Бюджеттік мекемелер – 500 теңге/м3;

• Басқалар – 202,15 теңге/м3.

Аталған тарифтер 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы