- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев хабарлады.
Басқарма басшысының айтуынша, 2021-2030 жылдарға арналған «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілген. Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға дейін, тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Өткен жылы 6199,85 тонна тауарлы балық өндіріліп, жоспар 101,4 пайызға орындалған. Осы ретте облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан, қалаларда 2025 жылға дейінгі жаңадан балық шаруашылықтарын ашу, іске асыру жоспары бекітілді.
– Биылғы жылға бекітілген 6640 тонна тауарлы балық өндіру бойынша аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде жоспар жасалып, орындау үшін жолданды. Бүгінде аталған жоспарларды орындау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл облыс аумағынан жаңадан бес балық шаруашылығы және жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Түркістан ӘКК» АҚ арқылы осы салаға жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта несие алуға 14 кәсіпкерден 5 млрд 400 млн теңгеге болжамды ұсыныстар түсті. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, саланы дамыту үшін инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде, – деді Қайрат Амангелдіұлы.
«Түркістан-ақпарат».