Ақпан айының алғашқы аптасы Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері үшін табысты болды. Атап айтсақ, 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Шиелі ауданының ашық біріншілігінде жас былғары қолғап шеберлері Нұрислам Сейілхан (28 келі) 1-ші орынды, Самат Өмірбай (28 келі) 2-ші орынды, Мейіржан Егенбердиев (34 келі) 2-ші орынды, Әлібек Асқаров (32 келі) 3-ші орынды иеленіп, мерейлері үстем болды.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында өткен 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігінде Мұхамедәлі Пазылхан (46 келі) 2-ші орынды иеленсе, Жасұлан Джуманов (33 келі), Нұрбақ Дүйсенбек (35 келі), Қуаныш Құралбай (37 келі), Нұрасыл Мырзан (52 келі) секілді боксшыларымыз 3-ші орынды қанағат тұтты.
Спортшыларымызды аталмыш жарыстарға дайындаған М.Сәрсенбаев, Б.Жұмабаев, А.Алтыбаев, Д.Оразбекұлы және Ғ.Алипов сынды жаттықтырушылардың еңбектерін ерекше атап өткеніміз жөн.
А.ДАМЕНОВ,
Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.
