СОЗАҚ: ҚЫЗЫЛКӨЛДІҢ СУЫ МОЛАЙДЫ

362 көрілім

Созақ тұрғындарының айтуынша қызылкөл суы толуда. Биыл Түркістан облысы, Созақ ауданында қар мөлшері көп жауды. Ауа температурасының күрт жылуы мен өткен апта соңында жауған жауын салдарынан сай-саладағы ағын су деңгейі артуда.

Атап айтар болсақ, Төлегенсай, Ашысай, Сауранбайсай, Жидебайсай мен Жыландысайда еріген қардың салдарынан ағын су деңгейі артып, Үшбас өзеніне құйылуда.

Қазіргі таңда арнасынан асқан Үшбас өзенінен мол су келіп, қызыл таулардың ортасында қалған Қызылкөлге құйылуда. Мұнан бөлек, «Бабата» су қоймасынан қашырқы каналдар арқылы аққан су да келіп қосылып жатыр. Көп жылдан бері арнасы бұлай толмаған Қызылкөлдің қайырлары қалпына келіп, толқыны жағалауға келіп соғуда. Қызылкөлдің су молаюы – жақсы жаңалық.

Құмкент ауыл округінің әкімі Ғани Пәрдебекұлының айтуынша, биылғы қыста сай-салаға молынан түскен қар суларының нәтижесінде көлге келіп жатқан су мөлшері жылдағыдан едәуір көбейген.

– Бұл Құмкент ауыл округінің тұрғындары мен аудан халқы үшін қуантарлық жағдай, – дейді ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы