ҚАЗАҚСТАНДА ПИЯЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТ

405 көрілім

Қазақстандықтардың тұтынуына ай сайын 30 мың тонна пияз қажет. Статистикаға сүйенсек, ақпанның басында, Астанада пияздың келісі 190 – 210 теңге болды”, – дейді министр. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда пияз бағасының өсуіне қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді. Үкіметте өткен брифингте журналистер министрге ірі азық-түлік желілеріндегі пияз бағасының күрт көтерілуіне қатысты сауал қойды.

“Бұл қысқа мерзімді өсімге байланысты дүрбелең. Біз пияз нарығындағы соңғы айда қалыптасқан жағдайды білеміз”, – деп жауап берді Қарашүкеев.

“Кейін пияз экспорттаушы Пәкістандағы табиғи құбылыстардың салдарынан (су тасқыны, ауа райының аяқ астынан суытуы) пияз жеткізу көлемі азайды. Сонымен қатар көршіміз Өзбекстанда пиязға сұраныс артты. Осы жағдайларды ескере отырып, біз пияз экспортына уақытша шектеу қойдық”, – деді министр.

“Бүгінде Жамбыл облысында 100 мың тонна пияз қоры бар. Бұл келесі егіс маусымына дейін жеткілікті. Қазір көтерме баға 150 теңгеден 230 теңге арасында ауытқуда. Бұл құбылыс логистикамен байланысты. Жақын арада мәселе реттеледі. Елімізде пияз бар.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин еліміздегі пияз өндірісіне қатысты түсінік берді. «Қазір пияз жоғары сұранысқа ие тауарға айналды. Себебі пиязбен айналысатын Өзбекстан, Пәкістан, Ресей Федерациясында өндіріс жоқ. Қазір Мәскеу сөрелерінде пияз бағасы 500 теңгеге жетсе, Өзбекстанда 350 теңге тұрады. Ал бізде баға 170 теңгеге дейін өсті. Елімізде пияз тапшылығына жол берілмейді. Сондықтан да сыртқы сауда бойынша ведомствоаралық комиссия үш айға пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдады», – Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы