- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жақында қаламыздағы «Шахсарай» мейрамханасында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен қарттарға құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында Түркістан облыстық Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан ардагерлері кеңесінің төраға орынбасары, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев пен Түркістан қалалық ІІО мен ҰҰ ардагерлері кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев қарттарға сый-сияпаттар тапсырды.
Атап айтсақ, ардагер аналарымыз Айғаным Серім, Тамара Қиямбекова, Раушан Сержанова, Зина Баймаханова, Гүлжан Әсілбаева, Ұлжан Мұстафаева, Балтагүл Оспанова, Дүйсенкүл Жамболова мен Таскүл Махмұтқызына алғыс хаттар табыстаса, ардагер ағаларымыз Мырзан Ханділлаев, Шаймерден Айтпенбетов, Өтепберген Қуанышбаев, Кеңес Мәрсәліұлы, Жақсыбек Бейсенов, Әсілтай Орынбеков, Шора Исмолдаев, Сағынтай Жүзенов, Әсетулла Каримов және Жарқынбек Құлбайымбетовтерді «Ұлы Отан соғысының балалары» атты арнайы естелік медальдарымен марапаттады.
«Түркістан-ақпарат».