ЖОЛДАУ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАСАЛАТЫН ЖЕҢІЛДІГІМЕН ҚҰНДЫ

1  157 көрілім

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қоғамда зор ықыласпен қабылданып, қолдау табуда. Жолдаудың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» – деп аталуына үлкен мән берілуде. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болатыны құптарлық.

Жолдауда «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі» – деп атап көрсетіліп шағын, әсіресе микробизнестің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратыны айтылған.

«Шағын және орта бизнес – ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан, мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді» – дей келе, бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінетіні айтылған.

Жолдауда елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауда да біршама шаралар белгіленген. Атап айтқанда: Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсыруын; 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тиым салу туралы шешім күшіне енетінін; Бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуы тиіс делінуін; Үкіметке «Бизнестің жаңа жол картасы» аясында осы мақсатқа сәйкес алдағы үш жыл ішінде қосымша 250 млрд теңге бөлуді тапсыруын кәсіпкерлер зор ықыласпен қабылдаудамыз.

Президент Жолдауын «Қуаныш» ЖШС-і қызметкерлерімен бірге талқыладық. Біздің ұжым Жолдауда қамтылған барлық мәселелерді қуаттауда. Әсіресе, Жолдаудың дамыған агроөнеркәсіп кешені, Ұлттық қорды тиімді пайдалану, зейнетақы жүйесін дамыту туралы баптарына олар ризашылықтарын білдіруде.

Мен де өз кезегімде облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, кәсіпкер ретінде Президент Жолдауының халыққа жетуіне, бізге қатысты мәселелерінің орындалуына өз үлесімді қосатын боламын.

Инара НАМАЗБАЕВА,

облыстық іскер әйелдер

қауымдастығының төрайымы,

«Қуаныш» ЖШС директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы