- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Аудан әкімдігінде апталық мәжіліс болып өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Оразбаев, Сауран ауданы тұрғындарынан келіп түскен арыз-шағымдардың орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Темірхан, облыс әкімінің Сауран ауданына берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы Е.Жанәділ, Сауран ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу барысы туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Қуанышбаевтар баяндама жасады.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Оразбаевтың көктемгі дала жұмыстары бойынша 2023 жылы 42200 гектар жерді игеру жоспарланғанын, ерте көктемнен бастап жерді игеру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігін айтты.
– Аудан бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникаларының саны – 1303, оның ішінде жарамды техника – 1060, жөндеудегі техникалар – 243, көктемгі егіске дайыны – 81,3 % құрайды. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан жеңілдетілген жанармайға (дизель отынына) қажеттілік көлемі 2470,0 тонна егістік жер көлеміне қарай белгіленіп, агроқұрылымдардың тізімі қалыптастырылған. Сонымен қоса, жанармайды жеткізіп беруші екі оператор «Мұнай Инвестмент Груп» ЖШС-і және «Turkistan janarmai» ЖШС-нің құжаттары жинақталып, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына тізімі ұсынылды, – деді С.Оразбаев.
Бұдан соң аудан әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Темірханның аудан тұрғындарынан келіп түскен арызшағымдардың орындалуы туралы мәлімдеуінше 2023 жылдың қаңтар айының қорытындысымен аудан көлемінде түскен арыз-шағымдардың барысына талдау, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, аудан көлемінде 643 өтініш келіп түскен. Түскен өтініштердің 643-і қаралып, нәтижесінде 353 өтініш немесе 54,9%-ы қанағаттандырылып, 1 өтініш тиістілігіне қарай басқа органдарға жолданған, 7 өтініштің қарау мерзімі ұзартылған, 282 өтініш қайта қаралады. Ф2ГО есебіне сәйкес, аудан көлемінде қаңтар айының қорытындысымен өтініштердің мерзімі бұзылмағанын атап өтті.
Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы орындауды тапсырды.
«Сауран-ақпарат».