- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Аудан әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі су тасқынының алдын алу бойынша Қапшағай су қоймасынан бастау алатын Шаян өзені арнасына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталған өзен Алғабас, Шаян, Жамбыл және Бөген ауылдық округіне қарасты 7 елді мекеннің аумағынан ағып өтеді. Аудан әкімінің орынбасарлары Бағдатбек Жанғазиев пен Бақыт Қырғызалиев және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қанат Әуелбеков Қазата, Таңатар, Шаян, Жамбыл, Шыбыт, Тасқұдық және Жиенқұм елді мекендерінен ағып өтетін Шаян өзені арналары мен Жамбыл су қойманың қазіргі жағдайын көріп бақылады.

Жамбыл су қоймасындағы жиналған судың беткейінде мұз қатып тұр. Су мұздың астымен дамбы және қосымша қашыртқы арқылы өзенге құйылуда. Қазата, Таңатар, Шаян, Жамбыл, Шыбыт және Тасқұдық елді мекендеріндегі Шаян өзені суының тасу деңгейі төмен. Өз арнасымен ағуда. Жиенқұм елді мекені аумағынан ағып өтетін арнасы 6 шақырым Шаян өзенінің 4 шақырымында мұз кептелісі орын алуда. Мұздың қалыңдығы шамамен 50 см-ге жуық. Жағдай бақылауда. Мұзды бұзу бойынша жұмыстар жүргізілуде.