- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қоғамда кең етек жайып келе жатқан құқық бұзушылық мәселесі бойынша Мақтаарал аудандық жастар орталығының мәжіліс залында “Қылмыстардың қайталануының алдын алу” құқық бұзушылық профилактикасы тақырыбында кеңес өтті. Жиынға қатысқандар қатарында Мақтаарал аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған адамдардың, пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және наип имамы Жақсылықов Марат мырза сондай-ақ, аудан прокуратурасының аға прокуроры Сарсенбай Жеңіс мырза төрағалық етті.

Семинарда пробация есебіндегі адамдарды жұмыспен қамту, әлеуметтік-құқықтық көмек, квота және қайта қылмыстарға жол беру салдары жөніндегі кеңінен түсіндіру жұмыстар жүргізілді.