ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ «АШЫҚ АЛАҢ» ФОРМАТЫНДА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

435 көрілім

Түркістан қаласындағы «Конгресс-холл» көпсалалы кешенінде кәсіп пен шаруашылыққа бағытталған мемлекеттік қолдауларды насихаттау мақсатында «Ашық алаң» форматында кездесу өтіп жатыр.

Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев аталған шараның мақсатына тоқталды.

«Қазір ашықтықтың, қолжетімділіктің кезеңі. Тұрғындар мемлекеттің жасап жатқан қолдауларына еркін қол жеткізуі керек. Кәсіп ашып, шаруамен айналасамын деушілерге барлық жағдай жасалған. Бүгін барлық жауапты мекеме өкілдері елге қажетті ақпар беріп, кездесулер өткізеді», – деді Бейсен Дәулетұлы.

Онда сала мамандары келушілерге мемлекет тарапынан берілетін субсидияға, грантқа, жеңілдетілген несиеге қалай қол жеткізуге болатындығы жайлы кеңес беруде. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік және сауда басқармалары, микрокредиттік ұйымдар, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары еш кедергісіз бетпе-бет мемлекеттік бағдарламаларды толыққанды түсіндіреді.

Айта кетейік, «Ашық алаң» форматындағы кеңес беру қызметтері сағат 13:00-ге дейін жалғасады. Қазірдің өзінде 50-ге жуық түркістандық кездесуге келіп, өздеріне қажетті ақпарат алып үлгерді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы