САРЫАҒАШ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

626 көрілім

Жақында аудан басшысы Арман Абдуллаев, сел басу қаупі бар ауылдарды аралап, қаңтар – наурыз айларында елді мекендерді топан су басуының, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеген еді. Соған сәйкес аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен және демеушілер есебінен экскаватор және тиеуіш (погрузчик) техникаларымен Жылға ауылдық округіне қарасты Қарақалпақ елді мекеніндегі арық-атыздар мен су ағар қашыртқылардың арнасы кеңейтіліп, жалпы 500 метр арық-атыздар тазаланды.

Алдағы уақытта да аудан аумағында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы