КЕЛЕСТЕ “ДАМУ” ОРТАЛЫҒЫ ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЗАҚЫМЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

338 көрілім

Келес ауданының орталығында орналасқан «Даму» мүгедектер қоғамдық бірлестігі 2019 жылдан бері жұмысын тоқтатқан емес. Сонымен қатар орталықтың қызметін пайдаланған тіл мүкістігі бар 14 бала алғашқы сөздерін айтып, 8 бала жалпы білім беретін мектепке ауысқан. Аутизм дертіне шалдыққан 3 баладан нәтиже шығарып, 11 баланың диагноздары жеңілдетілді.

Нәтижелі орталықта ерекше күтімді қажет ететін жандарға қызмет көрсетіледі. Бүгінге дейін оңалту орталығына Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 87 адамға жолдама берілген.

– Қазіргі таңда орталықта 18 жасқа дейінгі 60 мүмкіндігі шектеулі бала ем алуда. Орталық таңғы 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Орталықта күніне 4 мезгіл тамақтандыру қарастырылған. Білікті логопед, дефектолог, психолог, массаж және ЛФК мамандары жұмыс істейді. Осыған дейін тірек-қимыл аппараты бұзылған 12 бала аяққа тұрып, тұсау кесерін жасадық, – дейді «Даму» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Жұлдыз Уалиханова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы