ТҮРКІСТАН: “ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” АТТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

367 көрілім

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Есірткіге жол жоқ!” тақырыбында маңызды іс-шара ұйымдастырды. Семинар барысында тәртіп сақшылары оқушылармен бірге есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған “Есірткіге жол жоқ!” парақшаларын қоғамдық орындарға орналастырды.

Ауқымды шараға Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полициясы мен дәрігер-наркологтар шақырылды. Семинарға Түркістан қаласында орналасқан №28 және №18 Ж.Еділбаев мектеп-гимназияларының мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Семинар барысында тәртіп сақшылары оқушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетіп, есірткі мен психотроптық заттардың зияндылығы туралы жеткізді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оқушылар тарапынан қойылған қызықты сұрақтарға жауап беріп, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың салдарымен бөлісті. Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды сақтауға шақырды.

Семинар соңында тәртіп сақшылары оқушылармен бірге есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған “Есірткіге жол жоқ!” парақшаларын қоғамдық орындарға орналастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы