ЕЛОРДАДА 600-ДЕН АСТАМ БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕР ТАПШЫ

364 көрілім

Президент Үкімет басшысына осы мәселені қайта зерделеуді тапсырды.

«Ұлттық ғылыми медицина орталығы жақында жекеменшікке өтті. Онда бүйрегін ауыстырған науқастарды оңалту жұмысы тоқтатылған. Әлихан Асханұлы, ірі медициналық мекемелерді жекешелендірудің тиімділігін қайта қарайтын кез келді», деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде қалада 600-ден астам білікті дәрігер жетіспейді.

«Бұдан бөлек, медицина кадрларының тапшылығы да қиындық туғызып отыр. Қалада 600-ден астам маман жетіспейді. Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселелерді шешу қажет. Бұл салаға білікті мамандарды тартып, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Жеңіс Махмұдұлы, осы мәселені жеке бақылауға алыңыз. «Елорда жастары» бағдарламасына медицина қызметкерлерін қосу мүмкіндігін қарастыру керек», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы