СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – АУЫР ҚЫЛМЫС

254 көрілім

Сыбайлас жемқорлық – шағын кәсіпорыннан бастап бүкіл ұлтпен тұтас бір мемлекетті жоярдай қауіпі бар – ауыр қылмыс. Сыбайлас жемқорлық яғни, коррупция – ол әлемнің бар халқында кездесетін үлкен дерт. Сол дерттен айыға алмай су түбіне кеткен ел де көп және белсенді түрде күресушілер де көп. Ал біздің ел – белсенді күресушілер қатарында. 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында: Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу – заңмен қудаланады деп нақты анықтама берген. 

Осы заңмен айыпталушыға жаза түрінде мүлкін тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру, келтірілген залал өлшеміне қарай айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға немесе бас бостандығынан шектеу мен айыру жазаларын қолданады. 

Сыбайлас жемқорлық ежелден келе жатқан бүкіл әлемдік шешілместей проблема болып көрінгенімен, бұл құбылыспен күресудің тиімді әдістері бар, оны әлемдік тәжірибе сәтті дәлелдейді. Сыбайлас жемқорлықпен күреспеу — оны қолдау болып табылады, бірақ мұндай әрекетсіздіктің қоғамның барлық салаларында қандай жойқын салдары болатынын ескере отырып, кез-келген мемлекетте осы “ішкі жауға” қарсы тұру проблемасы туындайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың себептерін зерттеу өте маңызды – өйткені  арамшөптің өзімен ғана емес, оның тұқымдарымен де күресу керек. Сыбайлас жемқорлықтың не екенін түсініп, осы құбылысты және басқа елдердің оған қарсы тұру тәжірибесін зерттей отырып, біз білім аламыз және білім өздеріңіз білетіндей – күш. Ең бастысы, бұл күш өзіне лайықты қолдануды табады. Ол үшін тек мемлекет тарапынан ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның қолдауы қажет. Сонда ғана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біз – жеңіске жетеріміз анық.

Түркістан облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау

департаментінің басшысының орынбасары,

З. Алимкулов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы