БӘЙДІБЕК: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

198 көрілім

Биыл аудан көлеміндегі барлық елді мекендерде қар қалың түсті. Күн жылынып қардың жылдам еруінен және жауын шашыннан су алу қауіпі жоғары. Аталған жағдайға байланысты аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков сала бойынша орынбасарларына, ауылдық округі әкімдеріне су алу қауіпі бар аумақтардағы өзендерді бақылауға алуды және арық-атыздарды тазалау жөнінде тапсырма берген болатын.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қ.Әуелбеков Алғабас, Шаян ауылдық округтерін аралады. Алғабас ауылдық округіндегі Қапшағай суқоймасынан бастау алатын Комсомол каналын, Шаян өзенін және Күлтөбе көшесіндегі каналды аралап көрді. Аралау барысында су тасқынының алдын алу бойынша су тасу қауіпі бар Шаян өзені бойындағы бірқатар арналарды кеңейту, Көлтөбе көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің ауласы арқылы ағын су ағатын каналды тазалау жөнінде ауыл әкімі А.Әуелбековаға тапсырма берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы