КЕЛЕС: ҚАР ЕРУ КЕЗІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ҚАУПІН СЕЙІЛТУ МАҚСАТЫНДА ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

264 көрілім

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды желтоқсан-қаңтар айларында қардың көп түсуін ескере отырып, көктемгі қар еру кезінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту үшін тиісті тапсырмалар берген болатын.

Берілген тапсырма аясында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев Келес ауданында болып, қардың еруі, жауын-шашынның салдарынан орын алуы мүмкін болған табиғи апаттың алдын алу шараларымен танысты.

Алдымен тиісті дербес бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округі әкімдері және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қатысуымен мәжіліс өткізіп, атқарылған жұмыстардың барысын талқылады. Сонымен қатар, Келес өзені аумағындағы елді мекендерде болып, квадрокоптер құрылғысы арқылы өзен суының су басу қауіпі бар жағалаулары мен сағаларын көзден кешірді.

Айта кетейік, қар еруінен болатын су тасуы қауіпін сейілту мақсатында аудан орталығындағы ішкі көшелердің бойларындағы қарларды тазалау жұмыстары жүргізіліп, Келес өзені бойынан қашыртқы қазылды. Сондай-ақ, Ошақты ауылдық округінің Қоңыртөбе елді мекеніндегі қашыртқыларға механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы