3 АҚПАНДА «БАЙТАҚ» ЖАҢА САЯСИ ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ СЪЕЗІ ӨТЕДІ

308 көрілім

Астана қаласында 3 ақпан күні сағат 11:00-де «Байтақ» жасылдар жаңа саяси партиясының сайлауалды съезі өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Съезд өткізу туралы шешім партия саяси кеңесінің пленарлық отырысында қабылданған. Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы талқыланып, дауысқа салынады. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысады. Съезді шақыру туралы қаулыға «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай қол қойды.

Еске салсақ, саяси партиялардың ішінен сайлау алдындағы съезді бірінші болып Қазақстан халқы партиясы өткізді. Ал, 2 ақпан күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс ХХ съезі, 7 ақпанда AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтетіні мәлім.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы