“Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерге әуежай (аэропорт) учаскесінде, яғни Шаға көпірінен Хазірет Сұлтан әуежайына дейін және кері бағытта жылдамдық режимі өзгертілгенін хабарлаймыз. Аталмыш учаскеде бірқатар тұрғын үй және әкімшілік құрылыстардың болмауы ескеріліп, ең жоғары жылдамдық 80 км/сағ дейін ұлғайтылды (бұрын 60 км/сағ жол белгісі орнатылған алынды)”, – делінген хабарламада. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, полиция департаментінің өкілдері көрсетілген өзгерістерді назарға алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерін әрқашан сақтауды ескертеді.

“Бұл учаскелерде Жол қозғалысы ережесінің сақталуын қадағалайтын, оның ішінде жылдамдық режимін тіркейтін «Сергек» камералары жұмыс істеп тұрғанын ескертеміз. Егер, сіздің тарапыңыздан жол қозғалысы мен қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, Түркістан облысы ПД-нің 87253359765 телефон нөміріне хабарлай аласыз”, – делінген хабарламада.