14 ЖАСАР ЗАҢҒАР – ТЕННИСТЕН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

369 көрілім

Словакияда үлкен теннистен ITF Juniors халықаралық турнирі аяқталды.

18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған 14 жастағы Заңғар Нұрланұлы жеңімпаз атанды.

Түркістан өңірінің тумасы сайыстың финалында жергілікті спортшы Даниел Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңді. Ал финалға дейін Словакия, Украина, Германия спортшыларынан басым түскен болатын. Өзінен жасы үлкен спортшыларды да жеңген Заңғардың бұл жетістігін мамандар жоғары бағалап отыр.

4 жасынан бастап теннис ракеткасын қолға ұстаған жас өреннен ел үміт күтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы