КЕЛЕСТІК АЗАМАТ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

438 көрілім

Тайланд мемлекетінің Бангкок қаласында бокстан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігі (U-22) өтті. Байрақты бәсекеде 48 келіде салмақта қолғап түйістірген Келес ауданының тумасы жас былғары қолғап шебері Санжар Ташкенбай Өзбек боксшысы Шодержон Меликузиевты жеңіп, Азия чемпионы атанды!

Астана қаласының тұрғыны Санжар Тәшкенбай – 2003 жылы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Ғ.Мұратбаев елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі – Тәкен өмірін ұстаздыққа арнаған, он екі ұл мен қызды өсірген ақын Тәшкенбай Шалдыбаевтың үлкен ұлы.

Қанжығасына алтын медалді байлап ел намысын қорғап қайтқан жас өрен өз жеңісін әлемге мойындатуымен қатар Келес ауданының атауын бүкіл әлемге танытты. Айта кету керек, бәсекеге елімізден әр салмақ дәрежесі бойынша барлығы 13 қолғап шебері бақ сынасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы