ӨТКЕНІМІЗ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

309 көрілім

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев ауған соғысының бір топ ардагерлерімен кездесті. Жиынға аудандық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары қатысты.

Кездесуде аудандық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай кеңес тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар барысын және алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, бірнеше ұсыныс пікірлерін білдірді. Сауран ауданында Ауған соғысына қатысқан 66 ардегер бар болса, оның 11 мүгедектік қатарында.

Ауған соғысы ардагерлерінің ұсыныс пікірлерін тыңдаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев барлық мәселелерін назарға алып, алдағы уақытта орындалуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі айтулы тарихи оқиға кезінде ерлігімен елге қызмет еткен ардагерлердің отбасына амандық, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы