ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

212 көрілім

«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.

Жаңашылдыққа жаны құмар, танымдық білімін арттыруға ниетті жастарға арналған «Елбасы медалінің» қола жүлдегерлері анықталды. Үздіктер қатарында көрінген Түркістан облысынан  мақтааралдық 5 оқушы аталған медальді иеленді.

«Елбасы Медалі» – еңселі елдің жас ұрпағын тәрбиелеуші, жетелеуші. Бұлай деуімізге де себеп жетерлік. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының 2019 жылы талантты әрі белсенді жастарды қолдау мақсатында ұсынған «Ел үміті» бастамасының аясында қолға алынған аталмыш жоба арқылы бүгінде еліміздің 14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдері мен жастары өздерін 7 бағыт бойынша шыңдау мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ тек өз-өзін дамытумен ғана шектелмей, еңбектерінің жемісін де көре алады. Дәлірек айтар болсам, барлық тапсырмалар мен сынақтардан сүрінбей өтсе, «Елбасы медалімен» марапатталады.

Бұл жоба – индустрия, бизнес, ғылым, медицина, білім беру және мемлекеттік басқару саласы бойынша кәсіпқой элитаға лайық оқушылар мен жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Елбасы медалі» алтын, күміс, қола деңгейі бойынша сарапталады. Жоғары оқу орны, колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасынан жоба талабын орындап, оза шапқандар үздік атанады.

Республикалық жобада жүлделі орын алған оқушыларды Түркістан облысы  Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серикбаев алғыс хаттармен марапаттап, алдағы болатын сайыстарда жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектестігін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы