САЙРАМ: АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ ӘДІСКЕРЛЕРІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

308 көрілім

Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының және Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Білім мен инновация: білім беру процесіне жаңа көзқарас» тақырыбында ашық есік күні өтті.

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі базасында өткен ашық есік күніне жалпы аудан көлеміндегі педагогтар, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі және әдіскерлер қатысты.

Пән секциялары бойынша шебер сыныптар ұйымдастырылды.

Ұстаздар әдістемелік тәжірибе алмасуға жоғары баға беріп, жаңашылдыққа бастайтын ашық есік күнін ай сайын өткізуді ұсынып, білікті ұстаздардың тәжірибелерін үйренетін керемет алаң екенін айтты.

Алдағы уақытта жоспарға сәйкес әдістемелік көмек беру жалғасын табатын болады.

Жалпы іс-шара барысында 250-ден аса педагогқа әдіскерлер тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы