БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАРДЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

321 көрілім

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасында бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылардың финалдағы қарсыластары анықталды.

Құрлықтық доданың финалына еліміздің ерлер құрамасынан алты боксшы шықты. Олардың қатарында Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі) және Диас Молжігітов (75 келі) бар.

Финалда қазақстандық төрт боксшы өзбекстандық былғары қолғап шеберлерімен қолғап түйістіреді.

Қазақстандық спортшылардың қарсыластары төмендегіше:

48 келі. Санжар Ташкенбай – Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)

54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек – Флинт Джара (Филиппины)

57 келі. Махмуд Сабырхан – Саравут Суктхет (Таиланд)

67 келі. Абзал Серік – Бехзод Хамидов (Өзбекстан)

71 келі. Сабыржан Аққалыков – Нурислом Исмоилов (Өзбекстан)

75 келі. Диас Молжігітов – Алохон Абдуллаев (Өзбекстан).

Құрлықтық дода финалы 26 қаңтарға белгіленген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы