«QAZAQSTAN ДАУЫСЫ. БАЛАЛАР» МЕГАЖОБАСЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

449 көрілім

Ұлттық арнаның «Qazaqstan дауысы. Балалар» музыкалық мегажобасы көрерменмен қайта қауышады. Бұл – әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілген әйгілі «The Voice. Kids» телешоуының қазақстандық нұсқасы.

«Qazaqstan» телеарнасының эфирінде алты айға жалғасқан музыкалық мегажобаның алғашқы кезеңінде 4 мыңнан астам бала бақ сынады. Байқауға 8-14 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Жобаға қатысу үшін qazaqstan.tv сайтына кіріп, өтініш қалдыру қажет. Өтінімдер 2023 жылғы 10 ақпанға дейін қабылданады. Музыкалық байқау жалпы төрт кезеңнен тұрады. «Көрмей таңдау» кезеңінде тәлімгерлер іріктеуден өткен қатысушыларды көрмей, дауысына баға беру арқылы таңдайды.

Ал екінші «Жекпе-жек» кезеңінде әр тәлімгер өз командасын триоға (үштікке) бөледі. Бұл кезеңде қатысушылар трио ретінде бір әнді орындайды. Орындау нәтижесі бойынша тәлімгер үш қатысушының ішінен шоудан кімнің шығатынын шешеді. Келесі «Тікелей эфир» кезеңінде тәлімгерлер тобында қалған қатысушылар арнайы қойылым қойылған бір әнді орындайды. Дауыс беру нәтижесінде әр командадан бір немесе бірнеше қатысушы жобадан шығады.

Үш тікелей эфирдің қорытындысы бойынша әр командадан бір қатысушы финалға жолдама алады. Ал шоудың финалында әр қатысушы жеке және тәлімгермен дуэтте ән орындайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы