БҮКІЛӘЛЕМДІК “ҚАР КҮНІ” 19 ҚАҢТАРДА ТОЙЛАНАДЫ

298 көрілім

Тіршіліктің тылсымына шек жоқ шығары анық. Себебі аспан әлемінен табиғаттың қойнауына жауатын қардың қызыл түсі болады дегенге адамзаттың сенуі қиын-ақ. Алайда қар деймізгой. Қысты күні табанмыздың астында аязда сықырлатып басып жүрген қарды, ақ затты.

Иә, оның аты қар. Басқа аты жоқ. Бірақ та сол қардың, сол заттың мың сан сырын, миллион қырын біле бермейміз – ау, деймін. Міне, бұл – терең білім, ғажап ғылым, өрісті өнер, білуге тиісті білім, үйренуге татыитын ғылым. Өнері – ғылымды адамдар үнемі айналасына білім, ғылым, өнер көзімен қарап, көкірегіндегі алтын сандығына керекті, деректі білім дәнін жыинап жүреді. Төрт құбылаға түгел ғашық көз қыдыртады.

Иә, қар десе, көп адамның көз алдына Қазан, Қараша, Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан, Наурыз айларында аппақ болып, қапалақтап жауып тұрған қар мен жердің жүзін аппақ болып қымтап тастаған ақ қардың көрнісі келеді. Расында, әр маусымның өзіне тән әдемілігі, өзіне тән жарасымы, өзін тән хас сұлуығы, өзіне тән құбылмалы ауа райы, жауын – шәшіні, боран – шапқыны, өзіне тән мінезі, бөгенайы бөлек көрнісі, сымбатты сұлу сыры, өзгенше бөлек қыры болады.

Қар біріңғай ақ түсті ғана болмайды, қызғылт түсті де болады. Қызғылт түсті қарды биік тау бөктерлерінен, жазық аймақтардан кезіктіруге болады.

Қар қристалдары – күн сәулесінің 90 пайызын шағылыстырады. Қар ұлпасының диаметрі 5 мм,массасы 0,04 граммды құрайды. Қарды зертеген әлем ғалымдары осы уақытқа дейін табылған ең үлкен қардың диаметрі – 38 сантиметр екенін ғылым жаңалықтары хабарында жариялаған.

Мұндай үлкен қар ұлпасы АҚШ-тың Монтана штатына 28 қаңтар 1887 жылы жауған екен. Биік таулар және жазық аймақтардағы “Қарлы  хламидомонада” деп аталатын балдырлар әсерінен қар қызыл немесе қызғылт түсті болып өзгереді. Мұндай қардың дәмі қарбыз дәміне ұқсайды. Қар тек жер шарында ғана емес Марс пен Титанда және  Сатурн серігінде бар. Марста қар ұлпалары көмірқышқыл газынан, ал Титанда метаннан жауады.

Жапонияда қар ұлпаларына арналған мұражай бар. 19 қаңтар – бүкіләлемдік “Қар күні”. Финляндия аумағындағы “саам”  халқының тілінде қар, мұз және олардың түрлерін сипаттайтын 180-ге жуық сөз бар, ал эскимос тілінде 20-дан астам сөз бар екен. Қардың бір текше метрінде үш жүз миллионнан астам қар ұлпалары болады. Су бетіне түскен қар балықтарға өте жағымсыз дыбыс шығарады екен,бірақ бір қызығы адамдар бұл дыбысты естей алмайды екен. Жапон халқының арасында өз жеріне жауатын қардың басқа елдерге қарағанда ерекше болатыны туралы көп аңызға айналған.

Сіз білесіз бе ? Әлемде “Халықаралық қар және мұз кеңесі” бар. Сол Кеңестегі ғалымдардың зерттеуі бойынша қар қыиршықтары жеті түрге бөлінеді:

1. Жұлдызды қиыршықтар,
2. Ине тәрізді қиыршықтар,
3. Таяқшалар тәрізді қиыршықтар,
4. Кебіс үлгісіндегі қиыршықтар,
5. кеңестік сызық үлгідегі қиыршықтар,
6. Шашақты таяқша қиыршықтар,
7. Сан қырлы қиыршықтар.
Ал, қарды әр елде әр түрлі сыйпаттайды. Одан да қызығы Қар қиыршықтары ән салады. Міне, соны білу балалар үшін тіптен қызық. Қар жауған кездегі жылдамдығынан туындайтын әуенді – “Қардың әні” дейді екен. Бірақ дыбыс адам баласына естілмейді екен. Одан да таңғаларлығы әлемдегі адамдардың тең жартысы қарды әлі көрмеген екен.

Қазіргі ғылым тілімен айтқанда, Қар – ауа бостығындағы тұнбаға түскен мұздаған су, немесе аспан бұлтынан құлаған жұқа қабыршақ күйдегі, ақ түсті кристалға айналған, аспан суының ұлпа қабыршығы – Қар ” деп аталады.

Қар қалай пайда болады? Жерге қалай жауады? Қар – апсан Атмосфе́ра қабатындағы мұздаған судың кішкентай ұлпа кристалдары. Ол – жылы ауа мен салқын ауаның жоғарғы бөлігіне көтерілген бу суы тамшыларын сіңіру арқылы пайда болып қар ұлпасына айналады. Бу суы тамшылары соқтығысқан кезде бір-бірімен қосылып, қар ұлпасын жасайды. Қарға айналған қабыршықтың салмағы ауаның кедергісінен үлкейіп, аурлаған кезде, ол жерге қарай құлай бастайды. Қар ұлпасына айналып, қапалақтап қар болып жауады. Су буының қар ұлпасына айналуы үшін ауа температурасы нөлден төмен болуы керек. Жерге қар түскен кезде, Қоршаған ортаның температурасы нөлден төмен болғанда ғана ол қар қалпында сақталады. Егер температура көтерілсе, қар қабыршықтар ери бастайды да буға айналып ауаға сіңіп жоқ болады. Ал, адамдар қарды қатты суықпен байланыстырады. Расында, қар жер температурасы 9 ° C немесе одан жоғары болғанда қалың қар жауады. Егер ауа-райы өте құрғақ не, температура өте төмен болса, онда қар жаумайды.

Сіз, мынаны біліп жүрсеңіз артық болмайды. Қар құрғайтын кездер болады. Қоршаған ортаның ылғалдылығы құрғақ болса, қар тез құрғайды. Оны қазақ ” Қар сүрленді” дейді. Қар қабыршықтары құрғақ ауа массасынан өтіп, оларды ешқайда жабыспайтын ұнтақ түрге айналдырады. Құрғақ қар майда сырғақ келеді. Міне, нағыз сол кезде спорт түрлері шаңға тебу, сырғанақ ойнауғ болады.бұл жерде бір нәрсені білудің ыңғайы келіп тұр.
Қар қабыршықтары әдетте бір сантиметрден сәл асады, бірақ мөлшері мен құрамы қардың түріне және ауа температурасына байланысты болады.

Мұз кристалдары әртүрлі формада болады. Қар қабыршы алты бұрышты, жұлдыз пігінді, жапырақ бейнелі, үш бұрышты, төрт бұрышты не одан да көп бұрышты болуы мүмкін. Егер, температура төмен болса, қар қиыршықтары да, соғұрлым қарапайым және мөлшері кішірек болады. Қар қиыршықтарының мұндай түрлері тікелей жерде түзіледі. Температура нөлден төмен және жоғары ылғалдылық болған кезде жер бетіндегі су қатып, аязға айналады. Су булары қар қабыршығына айналып, жел соғатын беттерде жиналады да, суды жер бетіндегі өсімдіктерге жел күшімен тасымалдайды. Сол арқылы үлкен, қауырсынды үлпектер немесе қатты қабыршықтар пайда болады да белгілі тиянқты жерге үйледі.

Бұл жаратылыстың ұлы заңы болып есептеледі. Бұл ақпарат арқылы сіз қарды әлдеқайда тереңірек біліп, қарлы жерге барғанда, қардың түрін біліп жүретін боласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы