ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖАСТАР САЯСАТЫН КӨРКЕЙТЕТІН ҚҰРАЛ

206 көрілім

Бүгін облыстық Жастар ресурстық орталығында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың қатысуымен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарын талқылау бойынша кездесу өтті.

Басқосуда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерасыл Төлебаев модераторлық етіп, жұмыс жоспарын мәлімдеді.

Жиынға 17 аудан, қала бойынша Жастар ресурстық орталығының басшылары мен белсенді жастар қатысты. Кездесу барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысының орынбасары Ернар Бектаев мемлекеттік жастар саясатындағы өзекті мәселелер және 2023 жылы жастарға арналған жобалармен таныстырды.

Еркін форматта өткен кездесуде әкім орынбасары белсенді жастардың ойын тыңдап, ұсыныстарын талқылады. Сонымен қатар, жастар жұмыспен қамту, қолжетімді баспана мәселесі мен білімді жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты ұсыныстарын білдірді. Бұл орайда, мемлекеттік жастар саясатындағы өзекті мәселелер назарға алынып, оның біршама шешілу жолдары айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы