МӘЖІЛІС ПЕН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ 19 НАУРЫЗ ДЕП БЕКІТІЛДІ

609 көрілім

2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясы қаулы жобасын қабылдады.

«Сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды және бұл сайлау мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс. Осылайша, ҚР Президентінің жарлықтарына сәйкес, бүгінгі күннен бастап Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқаны басталды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР ОСК бүгінгі жиында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы