ХАЛЫҚ ҮНІ «НҰРОТАНДЫҚТАРДЫҢ» НАЗАРЫНДА

1  585 көрілім

«Open Spаce» форматында ашылған қоғамдық қабылдау кеңсесі бастамасы аясында іске асырылып жатқан «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдаулар өз жалғасын табуда. Өз кезегінде тұрғындардың ұсыныс тілегін тыңдаған халық қалаулылары Сұлтанхан Таштеев пен қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Мухаммедали Курганбаев, тұрғын үй қатынастар бөлімінің басшысы Абутәліп Асанов келушілерге заң аясында жауап берді. Азаматтардың жеке өтініштері бойынша өткен кездесуде түсініктемелер беріліп, бірқатар мәселелерді тез арада оңды шешу бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктелді.


Қалалық мәслихат депутаты Сұлтанхан Таштеевтен материалдық көмек сұрай келген шаһар тұрғыны Жанат Оспанованың айтар алғысы шексіз. Себебі, жомарттық танытқан халық қалаулысы тұрмыстық және бір реттік азық-түлік заттарын сыйға тартқан. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаев арнайы қатысып, азаматтардың мәселелері шешімін тапқанға дейін тұрақты бақылауда болатындығын жеткізді.


«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы