“ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГА” ОЙЫНЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

405 көрілім

Бүгін “Фараб” кітапханасында Түркістан қаласы бойынша кіші футболдан “Әуесқой Футбол Лига” 2022 жылғы күз-қыс маусым ойындарының жабылу салтанаты және футзалдан қала әкімінің кубогіне жеребе өткізу іс-шарасы өтті.

Аталған шарада қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихаттың депутаты Базарбай Мұсабеков, қалалық мәслихат депутаты Ғалымжан Құдияров, Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев және қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев қатысып, футболшыларға ізгі тілектерін жеткізді.
-“Әуесқой спортшылар арасында футбол – бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Жас ұрпақтың дені сау болса, ұлтымыз әрқашан бәсекеге қабілетті болмақ.

Сол себепті бүгінде мемлекет бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасап отыр”– деді қала басшысы. Сондай-ақ, «Әуесқой Футбол Лига» ойындарының супер лига тобындағы жүлдегер 3-орын «БАУЫРЛАР», 2-орын «ШАЛҚАР», 1-орын «РМЗ ЖАСТАР» командаларын жеңістерімен құттықтап, футболшыларды марапаттады.

Сондай-ақ, жиын барысында «Әуесқой Футбол Лига» ойындарының А, Б, С, Д топтарының жүлдегер командалары арнайы алғыс хаттар, медальдар және кубок табысталды. Айта кетейік, 2022 жылдың күз-қыс маусымдық ойындарына жалпы саны 80 команда, көктем-жаз маусымдық ойындарына 64 команда қатысқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы