Кентау қаласында орнатылған «Ашық WiFi» желісін өткен жылдың қорытындысы бойынша 11 772 азамат қолданған.
«Ашық Wi-Fi» желісі қаланың «Ясауи кіші аллеясында» және «Ынтымақ» алаңында орнатылған.
Яғни тұрғындар құпия сөздің орнына өз байланыс нөмірін жазып, тегін WI-FI жүйесіне қосыла алады.
Айта кететіні, желіні пайдалану кезінде жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін сайттарға да кіруіне шектеулер қойылған.